
Лесной ауылдық кітапханасында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлына арналған «Хәкім Абай – рухани ұстаз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттермен танысып, көрмеге қойылған еңбектер жайында мағлұмат алды. Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1054309?lang=kk
Жауап қалдыру