
Құрметті кәсіпкерлер!
e-sen.kz порталында жаңа сервистік бағдарламалық өнімді – «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесін (СЭҚ АЖ) апробациялау іске қосылды. Жүйе рәсімдердің ашықтығын және кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар үшін өзара іс-қимылдың ыңғайлылығын қамтамасыз ете отыра, санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бақылау және мониторингілеу процестерін жеңілдетуге және автоматтандыруға арналған.
Жүйе не ұсынады:
- Кәсіпкерлер мен санитарлық қызмет мамандарына арналған жеке кабинеттер;
- Профилактикалық іс-шараларды автоматтандыру: медициналық тексерулер, зертханалық зерттеулер туралы ақпаратқа қол жеткізу, есептер мен ұсыныстарды қалыптастыру мүмкіндігі;
- Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау талаптарына сәйкес келмейтін тізілімдегі өнімді тексеру.
Ақпараттық жүйемен e-sen.kz ресми сайтында танысуға болады. Жақын арада енгізудің ашық кезеңін іске қосу жоспарлануда, оның аясында кәсіпкерлер жүйені жұмыста апробациялай алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1054437?lang=kk
Жауап қалдыру