Маңғыстауда волонтер жастар арасында шағын футболдан турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Qoldau» жобасы аясында волонтерлік топтар арасында шағын футбол турнирі өтті. Аталған турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достықты нығайту және ұйымшылдықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысушылар әділ және тартысты ойын көрсетіп, жоғары деңгейдегі дайындықтарын байқатты. Турнирге облыс бойынша алты команда қатысты.

Нәтижесінде, I- орынға «Мұнайлы жастары» командасы, II-орынға «Таушық жастары» командасы, III-орынға «Түпқараған жастары» командасы ие болды. Жеңімпаздар кубок, грамота, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, Алтынбек Адайбек – «Үздік ойыншы», Балғынбек Жалғасбай – «Үздік қақпашы», Батыр Жанәбілов – «Үздік шабуылшы», Жасұлан Айтуған – «Үздік қорғаушы» номинациясын иеленді.

Жеңімпаз командаларды марапаттау рәсімінде Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

–Жастардың белсенділігі мен ұйымшылдығы – қоғамның қозғаушы күші. Осындай шаралар арқылы біз болашақ көшбасшыларды тәрбиелейміз, – Мұқаш Оралбай.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1054585?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді