«Мектепке жол» республикалық акциясы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шаған кентінде жаңа оқу жылының қарсаңында балалар мен отбасыларды қолдауға бағытталған «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Акция аясында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілуде. Оқушылар оқу үдерісін табысты бастау үшін қажетті оқу құралдарымен, киім-кешекпен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.

Акцияның басты мақсаты – барлық балаларға тең жағдай жасау, олардың мектеп партасына сеніммен әрі қуанышпен отыруына мүмкіндік беру. Бұл бастаманың жүзеге асуы халықты әлеуметтік қолдауды нығайтып қана қоймай, ауылымызда өзара көмек пен ізгі дәстүрлерді дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-chagan/press/news/details/1054317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді