Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту минстрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тапсырмасына сәйкес, 2025-2026 оқу жылына дайындық шеңберінде мектептердің оқу процесіне толық дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізілуде.
Осыған орай, Жамбыл облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нысанқұлов Мұхит Аманқұлұлы және Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекқызы 2025 жылғы 20 тамыз күні Тараз қаласында орналасқан №25 және №45 жалпы орта білім беру ұйымдарының даярлық барысы жіті қаралды.
Жаңа оқу жылына дайындық тек қана жөндеу жұмыстары мен кабинеттерді жабдықтаумен шектелмейді, ол оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы білім алуына толық жағдай жасауды көздейді. Осы мақсатта жүргізілген мониторинг барысында пән кабинеттерінің жабдықталуы, асхананың санитарлық талаптарға сәйкестігі, бейнебақылау мен өртке қарсы жүйелердің жұмыс істеуі, интернеттің қолжетімділігі, спорт және шығармашылық нысандардың дайындығы, сондай-ақ инклюзивті білім беруге арналған мүмкіндіктер мен жылыту жүйесінің дайындығы жан-жақты бағаланды. Сонымен қатар мектеп ғимараттарында жүргізіліп жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстарының нақты барысы қаралып, орындалу мерзімдері мен сапасы тексерілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөнінде мектеп әкімшілігіне нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жүргізілген жұмыс нәтижелері мен ұсыныстар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне жолданды.
Жауап қалдыру