
Шараның ашылуында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей құттықтау сөз сөйлеп, жастарды қолдау мен мемлекеттік саясатты дамыту басымдықтарына тоқталды.Слёт аясында Жастар ресурстық орталықтарының жұмысын жетілдіру жөнінде баяндамамен Торғын Қайдарова сөз сөйледі. Сонымен қатар, сарапшы Жанель Сариева жеке және кәсіби дамуға қатысты тәжірибесімен бөлісті.Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген орталық мамандары, жоғары оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Түркиядан келген «Дамла» халықаралық волонтерлер қауымдастығының делегаттары қатысты.Қонақтар ҚарЛаг кешенімен танысып, кешке оларға талантты жастар мен орталық қызметкерлерінің қатысуымен кешкі ас пен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Слёт тәжірибе алмасу, шабыттану және ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1054525?lang=kk
Жауап қалдыру