Қарақия ауданында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 тамыз күні Қарақия аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес отырысын төраға Ержан Бекниязов жүргізіп отырды.

Жиынға аудан әкімі Сымбат Төретаев, аудандық мәслихат төрағасы, аудан прокуроры, «Аманат» партиясының аудан бойынша филиал төрағасы, аудандық полиция бөлімінің бастығы,  Қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме басшылары мен тиісті сала өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде екі негізгі мәселе тыңдалды:

🔹 Қарақия ауданының білім бөлімі 2025–2026 оқу жылына дайындығы туралы; 

🔹 Қарақия аудандық полиция бөлімінің 2025 жылдың 7 айындағы қоғамдық тәртіп пен құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы:

Сонымен қатар, отырыс барысында аудан басшысы жаңадан тағайындалған аудандық білім бөлімінің басшысын және Қарақия кәсіптік колледжі  директоры таныстырылды.

Жиын барысында кеңес мүшелері тарапынан бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, ұсыныстар ортаға салынды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1054428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді