ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ХАЛЫҚ ҮНІ, ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – ХАЛЫҚ ҮНІ, ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ✨
Бүгін «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалы бекіткен кестеге сәйкес, аудандық мәслихат төрағасы ретінде тұрғындармен жеке қабылдау өткіздім.
👥 Қабылдауға Бадам, Қажымұқан, Темірлан ауылдарының тұрғындары қатысты. Орда мөлтек ауданындағы жол мәселесі, әлеуметтік көмек, сондай-ақ жеңілдетілген несиеге қол жеткізу туралы мәселелер айтылды.
📌 Әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысын мұқият тыңдап, заң аясында қаралатынын, тиісті органдарға жолданып, бақылауға алынатынын жеткіздім.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – халықпен байланыс орнатып, көтерілген мәселелерді бірге шешу жолын қарастыру.
✅ Халық пен билік арасындағы көпір – сенім мен тұрақты байланыста.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/1054457?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді