Қызылорда өңіріндегі азаматтық қорғау органдарының жұмысымен депутаттар танысты    

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Қызылорда облысының мәслихат депутаттары Қызылорда өңіріндегі құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қызметімен танысты. Атап айтқанда, №4 өрт сөндіру бөлімінде, №1, 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде,  Құтқарушылар базасында,  Қызылорда облысы  ТЖД ғимаратында азаматтық қорғау саласының өкілдерімен кездесіп, олардың күнделікті қызметтерін, құтқару техникалары мен құрал-жабдықтарының жай-күйін көрді.

          Аталмыш облыстық мәслихат депутаттарының қатарында төмендегі депутаттар бар: Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Сандыбаев Бауыржан Тұрсымбайұлы, мәслихат депутаттары: Абибуллаева Аида Ибрагимқызы. Искендер Ержан, Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы, Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы, Мұстафа Садық Шоңмұрынұлы, Рахметов Алмас Алтынбайұлы, Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы.

          Мақсат – өңірдегі азаматтық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын жақсартуға, өңірдің құтқарушыларының қызметінің тиімділігін, оң бедел-бейнесін арттыруға, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының жүзеге асу барысына ықпал ету.

          Сонымен бірге Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс орталығында аталмыш депутаттардың және азаматтық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен қорытынды-талқылау жиыны өткізілді. Онда тақырыпқа сай ұсыныс-тілектер қаралып, өзекті мәселелер талқыланды.

          Жиын соңында Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Мадияр Мырзагелдиев облыстық мәслихаттың депутаттарына өңірдің азаматтық қорғау саласын дамытуға ықпал ету мақсатында назар аударғандығы үшін ұжымның атынан алғыс білдірді.  

Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1054842?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді