
Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өткізілді. Іс-шара аудан әкімі аппаратының бастамасымен ұйымдастырылды.
Сенбілікке аудан әкімдігінің қызметкерлері мен «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары атсалысып, қоршаған ортаны тазарту бағытында бірлесіп жұмыс атқарды.
Іс-шара барысында 70-тен астам адам мен 4 арнайы техника жұмылдырылып, шамамен 6 тонна қоқыс шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1054367?lang=kk
Жауап қалдыру