
Шекарашылар күніне орай Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде «Шекара бекеті» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды. Шараны мәдениет қызметкері Садыкова Балжан жүргізіп, шекарашы мамандығының маңызы мен ел қауіпсіздігін қорғаудағы олардың ерлік қызметі жайлы кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, Отан шебінде аянбай қызмет етіп жүрген еліміздің шекарашыларына ақжарма тілектер айтылып, кәсіби мерекелерімен құттықтау білдірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1054403?lang=kk
Жауап қалдыру