
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 9 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы маусымдық жұмыстарға облыс кәсіпорындары (ЖШС, ШҚ,ФҚ) ауылдық елді мекендердегі нысандарды салу және жөндеу үшін басқа елдерден жұмысшылар мен жалпы жұмысшыларды тарта алады.
2026 жылдан бастап құрылыс-жөндеу жұмыстарына ауылдық жерлерде ғана емес, қалада да маусымдық жұмысшыларды тартуға, сондай-ақ абаттандыру (қар шығару, аумақты күтіп ұстау) және қызмет көрсету саласына (даяшылар, сатушылар) жұмысшыларды тартуға рұқсат етіледі.
2026 жылға арналған өтінімдер 2025 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға а.ж. 1 қазанына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына алдағы жылға квотаның қажеттілігін жолдасын.
Барлық сұрақтар бойынша Солтүстік Қазақстан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64-ғимарат, 2-қабат, 206-кабинет, телефон 46-37-43.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ozsp-mamlyut/press/news/details/1054557?lang=kk
Жауап қалдыру