
Сібір жарасы бұл барлық түрдегі ауылшаруашылық және жабайы табиғаттың, сондай-ақ адам өлімінің жоғары болуымен сипатталатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру – спора түзетін микробтардан туындайды Bacillus anthracis олар ауру жануарлармен, олардың мәйіттерімен және жануарлардан алынатын шикізатпен байланыста болған кезде адамға беріледі. Сонымен қатар, бацилла топырақта ондаған жылдар бойы сақталуы мүмкін споралар түзеді. Адамдар арасында сібір жарасының жиілігі жер шарының барлық 5 континентінде кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын 20 миллионнан астам мал басы ауырады және сирек өліммен аяқталатын адамдардың 20-дан 100 мыңға дейінгі аурулары тіркеледі.
Инфекцияның көзі – үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа). Жұқтыру ауру малдарға күтім жасау, мал сою, ет өңдеу кезінде, сондай-ақ сібір жарасының спораларымен ластанған мал шаруашылығы өнімдерімен (тері, былғары, аң терілері, жүн, қыл) және жұқтырылған топырақпен байланыс кезінде болуы мүмкін.
Жұқтыру негізінен кәсіби сипатқа ие. Сібір жарасының қоздырғышының споралары ондаған жылдар бойы сақталып, топырақ арқылы жұғуы мүмкін. Тері түрінде споралар теріге ұсақ жарақаттар арқылы енеді, ал алиментарлық жолмен жұққанда ішек түрі пайда болады (зақымданған өнімдерді тұтыну арқылы). Қоздырғыштың берілуі аэрогенді жолмен де жүзеге асуы мүмкін (ластанған шаңды, сүйек ұнтағын жұту арқылы). Мұндай жағдайларда сібір жарасының өкпе түрлері дамиды.
Қоздырғыш адам ағзасына көбіне тері арқылы енеді (95%), бұл сібір жарасының тері түрінің дамуына әкеледі. Инкубациялық кезең (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілерінің пайда болуына дейінгі уақыт) 2-7 күнді құрайды. Ауру алдымен қызыл дақтың пайда болуымен сипатталады, кейінірек ішінде мөлдір немесе қанды сұйықтығы бар көпіршік (везикула) пайда болып, ол қара түсті түбі бар, айналасында қызарып тұрған қабынған жиектері бар жараға айналады. Аурудың тән белгісі – жара орнындағы ауырсынудың болмауы (сезімталдықтың ішінара немесе толық жоғалуы). Аурудың бірінші (екінші) күнінің соңына қарай дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, жүректің жиі соғуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Үшінші аптаның соңына қарай жара әдетте жазылып, тыртық пайда болады.
Алдын алу шаралары
Жұқпалы ошақтарды анықтау және жою ветеринариялық қызмет желісі бойынша жүргізіледі. Сібір жарасын жұқтыру қаупі бар тұлғаларға (тері және жүн өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлері, ет комбинаттары, ветеринариялық мамандар, сібір жарасының қоздырғышымен жұмыс істейтін зертхана қызметкерлері) сібір жарасына қарсы алдын ала екпелер жасалады. Мал шаруашылығы шикізатын сатумен, өңдеумен және тасымалдаумен айналысатын жұмысшылар жеке сақтық шараларын қатаң сақтауы қажет.
Құрметті қала тұрғындары! Абай болыңыздар – ет пен сүт өнімдерін жеке адамдардан, рұқсат етілмеген орындарда (жабайы сауда орындарынан, базарларда) сатып алмаңыздар, өмірлеріңізді қауіпке тікпеңіздер. Аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіздер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1054763?lang=kk
Жауап қалдыру