
Болгарияда өткен әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында солтүстікқазақстандық спортшы Анна Стратан қола жүлде иеленді!
Белдесудің шешуші сәтінде Анна жоғары шеберлік пен табандылық танытып, мықты қарсыласын жеңе білді.
«Анна мен оның бапкері Руслан Дәулетовке жаңа биіктер мен жарқын жеңістер тілеймін! Маңызды жүлдемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жеке жетістік қана емес, өңіріміз бен еліміз үшін үлкен жеңіс!» деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1054915?lang=kk
Жауап қалдыру