
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Федоров ауылдық округінің тұрғындары өз аулаларын және көшелерін абаттандыру жұмыстарын жалғастыруда.
Бұл жұмыстардың маңызды бағытының бірі – қоршауларды сырлау. Ауыл тұрғындарының бірлескен еңбегінің арқасында қоршаулар ретке келтіріліп, ауылдың әр бұрышында тазалық пен тәртіп орнап келеді.
Мұндай іс-шаралар елді мекеннің сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, өскелең ұрпақты табиғатты қорғауға және туған жерін құрметтеуге тәрбиелейді. Таза әрі әсем ауыл – жайлы өмірдің кепілі және әр тұрғынның мақтанышы!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/1054488?lang=kk
Жауап қалдыру