Тобыл өзені бойынша жұмыс тобының 52-ші отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аптада ҚазақстанРесей бірлескен комиссиясы шеңберінде Тобыл өзенінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыс тобының 52ші отырысы өтті. Келесі мәселелер талқыланды:

  • Ағымдағы гидрометеорологиялық және су шаруашылығы жай-күйі, 2025 жылғы көктемгі су тасқыны қорытындылары, су қоймаларын толтыру, 2025-2026 жж. күзқыста сумен қамтамасыз ету
  • Тобыл бассейнінің трансшекаралық су ресурстарына мемлекеттік мониторинг нәтижелері.
  • 2026-2030 жылдарға арналған мониторинг бағдарламасын келісу
  • 2025 жылы Челябі, Қорған және Қостанай облыстарында су қорғау іс-шараларының орындалу барысы.
  • Топтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.

Отырыс Тобыл өзенінің трансшекаралық су ресурстарын тұрақты басқару үшін Қазақстан мен Ресейдің үйлестірілген іс-қимылдарының қажеттілігін растады.

Оның қорытындысы бойынша келесі жылға арналған жұмыс жоспары қалыптастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1054450?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді