Зерттеулердің сапасы мен жеделдігін арттыру, сондай-ақ тағамнан улану және жұқпалы аурулар тіркелген жағдайда шұғыл донесениелерді дер кезінде ұсыну мақсатында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқыту семинарын өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Іс-шара аралас форматта – ведомство базасында және онлайн түрде ұйымдастырылып, кең ауқымды мамандарды біріктіруге мүмкіндік берді. Жиынға медициналық ұйымдардың өкілдері, Ұлттық сараптама орталығы филиалдары мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қатысты.
Департамент қызметкерлері Светлана Данчева мен Самал Хайрошқызы баяндама жасап, практикалық ұсынымдар берді. Олар негізгі нормативтік құжаттарға қатысты егжей-тегжейлі түсіндірмелер мен көрнекі презентациялар ұсынды:
✅Жұқпалы аурулар мен улану жағдайлары бойынша шұғыл ақпарат ұсыну қағидалары (ҚР ДСМ-нің 26.10.2020 ж. № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығы);
✅Жұқпалы, паразитарлық аурулар, уланулар және иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу, есепке алу және есептілік қағидалары (ҚР ДСМ-нің 29.10.2020 ж. № ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығы);
✅Тағамнан улану жағдайлары тіркелген кезде зерттеу жүргізу және донесениелер ұсыну тәртібі (ҚР ДСМ-нің 29.08.2024 ж. № 69 бұйрығы);
✅Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (КСЭК-тің 01.03.2023 ж. № 130 бұйрығы).
Материалдың жүйелі баяндалуының арқасында қатысушылар жұқпалы аурулар мен тағамнан улану жағдайларын анықтау және зерттеу кезіндегі іс-қимыл алгоритмін, сондай-ақ шұғыл донесениелерді ресімдеу және дер кезінде жолдау тәртібін нақты түсінді.
Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омарханов зерттеулердің сапалы әрі уақтылы жүргізілуі халықтың қауіпсіздігіне тікелей ықпал ететінін және жұқпалардың таралуын болдырмаудың маңызды шарты болып табылатынын атап өтті. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарымен бекітілген регламенттерді қатаң сақтау және барлық құрылымдық бөлімшелердің үйлесімді жұмыс жүргізу қажеттігін баса айтты.
Семинар қатысушылары заңнама талаптарымен танысып қана қоймай, сонымен қатар өзекті практикалық сұрақтарға да жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1054702?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді