Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
САУРАН АУДАНЫНДА 12 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ БАР ҚОС ЕЛДІМЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Бүгінгі таңда аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту бағытында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Шорнақ және Қосмезгіл елдімекендерінде басталған газ құбырының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Шорнақ елдімекені бойынша ұзындығы 43,7 шақырым газ құбыры тартылып, 634 газ реттеу пункті орнатылады. Жоба толық іске асқанда 975 үй газ жүйесіне қосылып, шамамен 4 850 тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді. Ал, Қосмезгіл елдімекенінде ұзындығы 59,7 шақырым газ құбыры салынып, 950 газ реттеу пункті орнатылады. Бұл жобаның нәтижесінде 1 470 үй газ жүйесіне қосылып, 7 350 тұрғын табиғи газбен қамтылады.
Кездесуде аудан басшысы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктеп, атқарылатын жұмыстарды халыққа ашық түсіндіріп отыру қажеттігін айтты. Аталған жобалар толық іске асқанда Шорнақ пен Қосмезгіл елдімекендерінің тұрғындары көптен күткен табиғи газға қосылатын болады
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1054956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді