Жақында мектеп: Бірінші сынып оқушысын инфекциялардан қалай қорғау керек

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Алғашқы қоңырау – әрқашан толқытатын сәт: жаңа достар, мұғалімдер, сабақтар мен үзілістер. Алайда қуанышпен бірге мектеп көзге көрінбейтін «жаңалықтарды» да әкеледі – микробтар мен вирустар әлемімен кездесу. Күн сайын ондаған бала жиналатын сыныптар мен дәліздерде инфекциялардың таралуына қолайлы жағдай қалыптасады.
Сондықтан баланы қорғау жайында қазірден бастап ойланған жөн. Солардың ішіндегі ең сенімді тәсілдердің бірі – уақыт сынынан өткен әрі тиімділігі дәлелденген вакцинация.
Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес, балалар 12 қауіпті инфекцияға қарсы қорғаныс алады. Көптеген екпелер бала бақша мен мектепке бармай тұрып жасалады, ал құжатта алғашқы дозалардан бастап ревакцинацияға дейінгі барлық кезеңдер, сондай-ақ олардың жас ерекшелігі нақты көрсетілген.
Бірінші сыныпқа барған сәтте балалардың басым бөлігі қажетті екпелердің толық жиынтығын алады. Ал мектеп жылдарында, әдетте, жаңа вакциналар енгізілмейді, тек ревакцинация – иммунитетті «жаңартып», ауруларға төзімділігін арттыратын қайталама дозалар жасалады.
Бұл өте маңызды, себебі алғашқы оқу жылы – ағза үшін нағыз сынақ. Жаңа орта, жоғары ақыл-ой және дене жүктемелері, сондай-ақ күнделікті ондаған құрдастарымен қарым-қатынас иммундық жүйеге қосымша салмақ түсіреді. Мұндай жағдайда тіпті қарапайым ЖРВИ де баланы ұзақ уақыт сабақтан қалдыруы мүмкін.
Тіпті ауру жеңіл өткеннің өзінде сабақ қалдыру, шаршау және дерттен кейінгі қалпына келу үлгерімге және жалпы хал-жағдайға әсер етеді.
Сондықтан жаңа оқу жылы басталар алдында ата-аналарға барлық екпелердің жасалғанын тексеріп, қажет болса, жіберілгендерін толықтыру пайдалы. Бұл қарапайым қадам тек сіздің балаңызды ғана емес, бүкіл мектеп ұжымын қорғауға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1054666?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді