Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар мен лицензиялар талаптарының орындалуын мониторингтеу мәселесі бойынша кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 19 тамызында БҚО жер қатынастары басқармасының ғимаратында 2024 жылдың қорытындысы бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт және лицензия шарттарын орындауларына мониторинг жүргізу жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған комиссия құрамымен талқылау кеңесі өткізілді.

Талқылау кеңесінде жер қойнауын пайдаланушылардың 2024 жылдың қорытындысы бойынша келісімшарт және лицензия шарттарын орындауларына қатысты ұсынған есептері негізінде өндіру жұмыстары бойынша мәселелер қаралды.

Кеңестің қорытындысы бойынша 2024 жылы облыс аумағында жарияланған төтенше жағдайдың болуын ескере отырып, келісімшарттар бойынша өндіру жұмыстарын толық көлемде орындамаған жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдау жайы қаралды.

Ескеретін жағдай, Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі №6 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімі қабылданған болатын. Осының салдарынан облыс аумағында орналасқан бірқатар жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын су басты.

Сол себепті кейбір жер қойнауын пайдаланушылардың өндіру жұмыстарын тиісті деңгейде орындай алмағандары айтылды.

Өздеріңізге белгілі, БҚО жер қатынастары басқармасы ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне және қолданыстағы заңнама талаптарына сай, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар бойынша міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыратын құзыретті орган болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zher/press/news/details/1054612?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді