Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысының жолдарында қауіпсіздікті күшейту мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жезқазған қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция ротасы жолдардағы тәртіпті күшейту мақсатында жүйелі рейдтер жүргізіп жатыр. Облыс орталығында бір апта ішінде 300-ден астам жол ережесін бұзу фактісі тоқтатылды. Бұл бұзушылықтардың ішінде ең қауіптісі — көлікті мас күйде басқару. Тексеру барысында осындай 2 факті анықталып, заң бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Полиция әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншіні жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жолдағы мәдениет – бұл әрбір адамның өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасауы. Жолдағы тәртіпті бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Жол қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ міндет!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1054329?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді