Департаментпен бекітілген арнайы кестеге сәйкес 2025 жылдың 22 тамызы күні Сайрам ауданында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рахымбердиев Еркін Мақсұтұлы Сайрам аудандық білім бөлімінің “Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі” КММ-де өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге Сайрам аужандық білім бөлімінің әдіскері Алматова Фарида, “Freedom Life” АҚ менеджері Көшерова Фарида Нұрлыбайқызы және ауданға қарасты жекеменшік балабақшалар мен мектеп басшылары қатысты.
Кездесу барысында Еркін Мақсұтұлы өз түсіндірмесінде жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшеріне талдау жасай отырып, еңбек шартын “enbek.kz” порталына енгізу ережелері мен еңбек заңнамасының талаптарына талдау жасады.
Жауап қалдыру