
Жиын барысында Ерлан Сәркенов алдымен құрылыс нысандары аумағындағы тазалықты тексерді. Белгілі болғандай бірқатар құрылыс ғимараттарының аумағы санитарлық талапқа сай емес. Қала әкімінің міндетін атқарушы жауаптыларға анықталған кемшіліктерді апта аяғына дейін толық жою жөнінде нақты тапсырма берді.
Жүрмелі жиын өкілдері кезекті кәсіпкерлік нысандарды аралады. Ғимараттардың аумағындағы бей-берекет шашылған қоқыс үйінділері анықталып, жауапты тұлғаларға ескерту берілді. Жиын соңында тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында тазалық тәртібін қадағалау жұмыстарын күшейтуд тапсырылды.
– Қалада санитарлық тазалық басты назарда. Әсіресе ірі көлемді қоқыс қалдықтарын дер кезінде шығарып, абаттандыру талаптарын сақтау қажет. Бұл жұмыстар апта соңына дейін толық орындалуы тиіс, – деді қала әкімінің м.а Ерлан Саркенов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1055656?lang=kk
Жауап қалдыру