
Ағымдағы жылдың 22 тамызында Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Ата Заңымыз Конституциямыздың 30 жылдығы мерекесіне орай «Анаға тағзым» орталығында «Ата Заң- тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында Департамент басшысының міндетін атқарушы Ұ.Оразгелді кіріспе сөз сөйлеп, мерекелік жылы лебізін білдірді.
Аталған шараға Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Д.Жұбаназар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Құқықтану білім беру бағдарламаларының жетекшісі, Заң ғылымдарының кандитаты Е.Алтаев, Қызылорда облыстық нотариалдық палатасының төрайымы Л.Суйеубаева қатысып тақырып аясында баяндамалары тыңдалды. Мерекелік құттықтаулар айтылды.Сонымен қатар, аталған шараға департамент қызметкерлері, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылар қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1055560?lang=kk
Жауап қалдыру