Аппараттық кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Бейсенова С.С.-ның төрағалығымен qosyl платформасында, онлайн форматта аппараттық кеңес отырысы өткізілді.
Кеңесте, 2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық және санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі жол картасының орындалу барысы жайындағы мәселелер қаралды.
Аталған кеңес отырысына қатысып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент пен қалалық, аудандық басқармалардың жылу беру маусымына дайындығы мен облыстың басты қала құраушы өндірістік нысандарының санитариялық қорғау аймақтарын белгілеудегі өңірдегі ахуалы мен ондағы туындап отырған өзекті мәселелер жайында баяндама жасадым.
Осы айтылған мәселелер төңірегінде Комитет тарапынан тиісті тапсырмалар алынды. Жұмыстар жалғасуда.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1055200?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді