Ақмола облысы әкімінің 2025-2026 оқу жылына арналған грант иегерлерінің есімдері белгілі болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен кадрлар даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы қалыптастырылды. Оның саны – 110 грант, соның ішінде 76-сы – бакалавриат, 34-і – магистратура.

Жаңа оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы конкурстық негізде 3 ЖОО-да орналастырылды: Көкшетау, Астана, Қостанай қалаларында – «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ, «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ.

2025 жылғы 17 тамызда аталған ЖОО-ларда бакалавриатқа жергілікті атқарушы органның гранттарын тағайындау үшін талапкерлерден өтініштерді қабылдау (офлайн) аяқталды. Абитуриенттерден 13 мамандық бойынша 114 өтініш түсті.

МIO білім беру грантын тағайындау конкурстық негізде, талапкердің ҰБТ сертификатының балдары мен арнайы емтихан нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылды.

Сонымен қатар грант тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 357 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орындарына қабылдау кезіндегі квоталар да ескерілді.

Еске сала кетейік, МIO қаражаты есебінен грант негізінде оқуға түскен азаматтармен Ақмола облысы аумағында кемінде 3 жыл еңбек ету туралы келісімшарт жасалады.

Толық тізім Ақмола облысы әкімдігінің, білім басқармасының сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1055691?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді