
Айгүл Қосанова концерт барысында көрерменге ыстық сағынышы мен ақжарма алғысын жолдады. Әнші халықтың ықыласы, өнеріне деген құрмет-қошеметі әркез қанаттандыратынын айтты.
Айгүл Қосанованың шәкірті Ақмарал Ерімбетова ұстазынан қазақ халқының дәстүрлі әнін, Жеті қайқының әндерін үйренгендігін айтты.
-Айгүл Қосанова – Маңғыстаудың түлегі, дәстүрлі ән өнерінің жұлдызы, әрі менің ұстазым. Айгүл Шоданқызынан тәлім алып, қазақ халқының дәстүрлі әнін, Жеті қайқының әндерін үйрендік. Осы кеште Айгүл Шоданқызы өз шәкірттерімен бірге өнер көрсетті. Ұстазыммен бірге бір сахнада өнер көрсеткеніме қуаныштымын, – деді Ақмарал Ерімбетова.
Шығармашылық кеште әншімен бірге ән шырқаған қала тұрғыны өз пікірімен бөлісті.
-Айгүл Қосанованың барлық әндерін сүйіп тыңдаймын. Осындай кеш ұйымдастырылғанына ризамын. Концертте әншімен бірге ән шырқадым. Менің балаларым да өнер жолында. Осы кеште Айгүл Қосановамен бірге өнер көрсетуде, – деді қала тұрғыны Тәрбия Тәжанова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1055644?lang=kk
Жауап қалдыру