
2025 жылғы 22 тамызда Жарқайың аудандық мәслихатының кезекті елу жетінші сессиясы өтті, оған ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қала, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары қатысты.
Жарқайың ауданының әкімі Е.К.Жүсіпбеков жергілікті атқарушы органдардың қызметі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өте отырып, «Жарқайың ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы» баяндамасымен сөз сөйледі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші жартыжылдықта қол жеткізген көрсеткіштерін және 2025 жылға қойылған міндеттерді атап өтті.
Аудан әкімінің жұмысы депутаттармен оң бағаланды, есеп сессия шешімімен бірауыздан бекітілді.
«Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 26 наурыздағы No 8С-24/2 «Аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы және оларды күтіп ұстауды жақсарту шаралары туралы» шешімін іске асыру барысы туралы» мәселесі бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» басшысының міндетін атқарушы А.Ж.Кабдуллина сөз сөйледі. Бұл мәселе бойынша бірауыздан қабылданған шешім қабылданды.
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілген негізгі мәселе бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1055303?lang=kk
Жауап қалдыру