Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы санақ науқанына белсенді қатысуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Теректі ауылдық округі әкімі аппараты жанындағы ауыл шаруашылығы санақ бұрышында ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының өкілдері белсенділік танытып, санаққа өз үлестерін қосуда. Санақ жүргізу науқаны – ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын нақты бағалап, болашақта тиімді жоспарлар құруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы санақ бұрышында мамандар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті кеңестер беруде. Шаруа қожалықтары, жеке қосалқы шаруашылық иелері келіп, өз мәліметтерін ұсынып жатыр. Бұл – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам.

Теректі ауылдық округі әкімдігі тұрғындарды белсенділік танытуға шақырып, санақ жұмыстарына уақытылы қатысудың маңыздылығын ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-terekti/press/news/details/1055626?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді