
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) негізгі басты бағыттарының бірі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және де халыққа сапалы қызмет көрсетуді бақылау болып табылады.
Департаментпен, 2025 жылдың 24 шілде – 20 тамыз аралығында, «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласының білім бөліміне» жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізіліп, қызмет беруші тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібін бұзу, яғни қызмет алушылардың өтініштерін уақытылы тіркелмеу түріндегі 29 факті анықталды.
Нәтижесінде, Департаментпен заңдылықтын бұзылуына әкеп соққан себептерді және оның салдарын жою туралы тиісті ұсыным хат жолданып, оны қарау қортындысы бойынша 29 қызмет алушылардың өтініштерін тіркеу арқылы құқықтары қалпына келтірілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.Т. Манап
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/1055212?lang=kk
Жауап қалдыру