Бүгін облыс әкімдігінде өңірдің басты әріптестері – Eurasian Resources Group және KAZ Minerals Bozshakol компанияларымен жасалған әлеуметтік меморандумдарды іске асыру барысы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиналыста Асайын Байханов аталған келісімдер тәжірибелік сипатта екенін және әлеуметтік сала мен инфрақұрылымдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.

Осы жылдың қаңтар айында ERG-мен 3,8 млрд теңгеден астам сомаға қол қойылған меморандум 18 жобаны қамтиды. Бүгінде оның 35%-ы орындалды және бұл шамамен 1 млрд теңгені құрайды. Ақсу қаласында Ы. Алтынсарин атындағы мектепті күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Екібастұздағы «Ерекше үй» балаларды түзету орталығына қолдау көрсетілді, «ERG колледждер үшін» жобалары іске асырылуда, халықаралық тағылымдамаларды қаржыландыру, өндірістік кешенді бақылау жүйелері үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Денсаулық сақтау саласында медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға баса назар аударылды: күзде паллиативтік көмек көрсететін мамандарды оқыту, сондай-ақ құны 150 млн теңге тұратын «ERG-дәрігерге» бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Бұл біздің дәрігерлерге шетелдік әріптестерінің тәжірибесін қолдануға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс саласында да жобалар аз емес. Ақсуда екі жылдық жобалар – саябақ пен бассейн құрылысы жүзеге асырылуда. Бүгінде бұл жобалар 30%-ға қаржыландырылған. Сондай-ақ, Ақсу қаласында «Туған қала» жобалары, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жөндеу жұмыстары қаржыландырылды. Павлодарда тұрғын үйлерді жарықтандыру жоспарлануда, ал Баянауылда Жасыбай көлінің орталық жағажайындағы скверді абаттандыру, жылу желілерін жаңғырту мен абаттандыру бойынша және Майқайың кентінде жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Жаңа бастамалардың қатарында – жасыл желектерді отырғызу да бар. Оған 200 млн теңге бөлінді.

KAZ Minerals Bozshakol жобаларына (4,1 млрд теңге) ерекше назар аударылды: Атығай ауылында мектеп салу, Екібастұзда инклюзивті балабақша мен Павлодарда облыстық оңалту орталығына жапсарлай салынған ғимаратты қайта жаңарту.

Жиналыс барысында өңір басшысы басқарма басшылары мен қала әкімдеріне негізгі жобаларды жеке бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ министрліктермен белсенді қарым-қатынас жасауды және барлық бюрократиялық кедергілерді жоюды тапсырды. Басты мақсат – міндеттемелердің уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету.
Бұл ретте Асайын Байханов Eurasian Resources Group және KAZ Minerals Bozshakol кәсіпорындарына алғысын білдіріп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінсіз мұндай нәтижелердің болмайтынын атап өтті.

Бұл кез келген ірі бизнестің назарында болуы тиіс әлеуметтік жауапкершіліктің көрінісі, – деді облыс әкімі.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1055144?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді