Форсайт-кемп 2025

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📢Құрметті кәсіпкерлер!

🤝🏻Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Орта бизнестегі кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру» бағдарламасына қатысушыларды қабылдайтынын хабарлайды.

🔸Бағдарламаның мақсаты – жоғары инвестициялық әлеуеті бар қазақстандық кәсіпорындардың жедел дамуына және салалық болашақ көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал ету.

🔸Бағдарлама аясында қатысушылар келесі құралдар жиынтығымен қамтамасыз етіледі:

– бизнес-процестер мен нарықтық позициялаудың терең диагностикасы;
– стратегиялық даму бойынша консультациялық қолдау;
– бизнесті кеңейту үшін инвестиция тартуға жәрдемдесу.

🔸Бағдарламаға өнеркәсіп секторының жекеменшік қазақстандық кәсіпорындары қатыса алады.

📄Бағдарламаның кіріспе кезеңі – Foresight Camp (Форсайт-кемп) деп аталатын стратегиялық болжау бойынша қарқынды оқу модулі болады. Ол Қазақстандағы іскерлік орта және жаһандық трендтердің шолуын қамтиды.

📅Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 13–16 қыркүйек
📍 Өтетін орны: Rixos Borovoe
Бір кәсіпорыннан ұсынылатын қатысушылар саны – 2–3 адам.

🌐Foresight Camp-та тіркелу:
http://foresight-camp.kz.tilda.ws/

📄Практикалық сессиялардың қорытындысы бойынша іріктеу талаптарына сәйкес келетін және болашағы зор бизнес-модельдерді ұсынған ТОП-20 компания кәсіпорынның жеке диагностикасынан өтуге және инвестиция тарту мен оларды басқару бойынша құзыреттерді дамыту бағдарламасына қатысуға шақырту алады.

🌐Сонымен қатар, 2025 жылғы 26 тамызда Zoom-конференция форматында бағдарламаның онлайн таныстырылымы өтеді. Таныстырылым барысында сіз бағдарламаның мақсаттары, міндеттері және іске асыру кезеңдері туралы толық ақпарат алып, өз сұрақтарыңызды қоя аласыз.

📧Конференцияға қатысу үшін төмендегі мәліметтерді knowhowkazakhstan@ebrd.com электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз:

– Компанияның атауы, БСН
– Байланыс тұлғасы (А.Т.Ә.), эл. пошта мекенжайы және телефон нөмірі

Ұйымдастырушылық мәселелер бойынша байланыс:
📧shpulint@ebrd.com

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-kasipkerlik/press/news/details/1055082?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді