Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРЕФЕРЕНЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

✔️Инвестициялық шарт негізінде заттай грант беру:
1) жер учаскесі грант ретінде беріледі;
2) ғимараттар мен мүлік грант ретінде беріледі.

✔️Мемлекеттік қолдау бағдарламалары:
1) ҚР индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде жер учаскесін аукционсыз беру;
2) “БЖК2025” бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды жүргізу (газ, су, электрмен жабдықтау);

⚜️”Jibek Joly” АЭА қатысушыларына арналған жеңілдіктер:

✔️Салық жеңілдіктері:
– корпоративтік табыс салығынан (КТС) босату;
– жер салығынан босату;
– мүлік салығынан босату;
– АЭА аумағына өндіріс процесінде толық тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату.

✔️Кедендік жеңілдіктер:
– АЭА аумағына тауарларды әкелу кезінде кедендік баждардан босату;

✔️Басқа жеңілдіктер:
– Шетелдік жұмыс күшін жалдаудың жеңілдетілген тәртібі;
– Жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бірақ оңайлатылған тәртіппен ішкі еңбек нарығында кандидатуралар іздемей жүргізеді.

✔️Индустриалды аймақтың жеңілдіктері:
1. Жер учаскесі ИА қатысушысына 25 жылға қосалқы жалға беріледі;
2. Жоба іске қосылғанға дейін жерді қосалқы жалға алу тегін, тек жер ақысы төленеді;
3. Мемлекет индустриалды аймақтың шекарасына дейін инфрақұрылымды (т/ж, автожол, газ құбыры, электр желісі, ОТБЖ) қамтамасыз етеді;
4. ИА қатысушысы (сатып алынған/жалға алынған) жер учаскесінде инфрақұрылым объектілерін өз қаражаты есебінен салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-kasipkerlik/press/news/details/1055055?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді