
Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сот судьясы Асан Ескендіров 21 тамызда Павлодар қаласында өткен «Адал азамат – әділетті қоғамның тірегі» атты ХІІ Азаматтық форумға қатысты.
Форумның мақсаты – азаматтық қатысу институтын нығайту және адалдық құндылықтарын орнықты дамудың негізі ретінде насихаттау.
Диалог алаңына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері, қоғамдық кеңестер, сарапшылар және азаматтық қоғамды дамытуға мүдделі басқа да қатысушылар жиналды.
Екі қатар секцияда жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық бақылау мәселелері талқыланды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.
Асан Ескендіров өз сөзінде Конституциялық Соттың қызметі және оның Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтты. «Конституциялық бақылау органының Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге қосатын үлесі өте маңызды, оны Конституциялық Сотқа жүгінген және әділ шешімдер алған және өздерінің өмірлік жағдайларын өзгерткен азаматтар сезініп отыр», – деп атап өтті судья.
Форум қорытындысы бойынша еркін микрофон форматында ашық диалог ұйымдастырылып, белсенді азаматтар мен ҮЕҰ өкілдері марапатталды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1055725?lang=kk
Жауап қалдыру