
2025 жылдың 21 тамызында Ақмола облысының Әділет департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бөлімдерінің тіркеушілерімен «Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзудың алдын алу» тақырыбына ZOOM арқылы онлайн режимде семинар өткізілді.
Семинар өткізу барысында, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұрғаларды тіркеу саласында Мемлекеттік корпорация филиалдарының тарапынан жіберілген бұзушылықтар, атап айтқанда: тіркеуден негізсіз бас тартулар мен тіркеуді тоқтата тұру, тіркеу мерзімін бұзу, тіркеуге қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбау, «Біріңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» АЖ мен Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін дұрыс толтырмауы бойынша негізгі бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.
Барлық қызықтырған сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1055226?lang=kk
Жауап қалдыру