Меркі ауданында әскерге шақыру мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмысшы тобының кезекті жиналысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 21 тамызда Меркі ауданында Тараз қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларының қызметін талдау мен бағалау мақсатында ведомствоаралық жұмысшы тобының жиналысы өтті. Жиналыста Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, ведомствоаралық жұмысшы тобының жетекшісі Байболат Ерлан Бейсенұлы, аудан әкімінің м.а.,құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ ауданның бөлім басшылары және ауылдық округтер әкімдері қатысты.


Жиналыстың негізгі тақырыбы 2025 жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыру қорытындылары мен күзгі шақыруды ұйымдастыруға дайындық болды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ернар Әбілдаев пен аудандық қорғаныс  істер жөніндегі бөлімінің бастығы Асан Пшаев баяндама жасады. Жиын барысында күзгі әскерге шақыру жұмыстарының ұйымдастырылуы, шақырушыларды іріктеу және медициналық тексеруден өткізу мәселелері де талқыланды. 2025 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы бойынша Меркі ауданы белгіленген жасақты 104%-ға орындады, ауданға белгіленген жасақ 140 жіберілген жас әскер саны 146.

Жиналыс қорытындысы бойынша, басқарма басшысы атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады. 2025 жылғы 21 ақпандағы Жамбыл облысы әкімінің №19-ө өкімімен бекітілген жол картасы аясында жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне жөндеу жұмыстарын жандандыру мақсатында бірнеше талаптар қойылды. Жол картасының орындалуын аудан әкімінің тікелей бақылауы тиіс екендігі туралы басқарма басшысы нақты тапсырма берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1055397?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді