Облыстық «DEMEÝ» конкурсының жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірдегі 35 жастан асқан волонтерлер мен волонтерлік топтарды қолдауға бағытталған «DEMEÝ» конкурсына 26 волонтер қатысып, өз жобаларын қорғады.

Комиссия мүшелері қатысушылардың жобасымен танысып, құжаттарды белгіленген талапқа сай бағалады.

Комиссия шешімі бойынша 6 үздік жоба анықталып, 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.

Атап айтсақ:

  • Есенғалиев Алмаз Мағазұлы – «Рухани және спорттық ойындар керуені» жобасы;
  • Молдағалиева Бибігүл Серікқалиқызы – «Үміт сәулесі» жобасы;
  • Сағынғали Алтынай Тілекқызы – «Мұраға сапар» жобасы;
  • Құдайбергенова Динара Омархановна – «Жақсылықты жарқыратып» жобасы;
  • Ермұханова Гүлбарам Саматқызы – «Қауіпсіз қоғам» Төтенше жағдай кезінде халыққа көмектесетін волонтерлық топ құру жобасы;
  • Ерсейтова Шахарман Әбілқасымқызы – «Құрақпен тігілген үміт» жобасымен үздік танылды.

Жоба жеңімпаздарын құттықтай отырып, бастамаларына сәттілік тілейміз!

«DEMEY» конкурсын облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты Азаматтық орталық 2022 жылдан бері жүзеге асырып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1055405?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді