
18 тамыздан бастап СуперХҚО ғимаратында (генерал Дүйсенов көшесі, 80) Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары азаматтарды қосымша қабылдауды ұйымдастырды.
Жұмыс кестесі:
күн сайын сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін,
түскі үзіліс: 13.00-ден 14 сағат 30 минутқа дейін.
Сізге келесі мәселелер бойынша кеңес беріледі:
– салық салу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету,
– жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салығы бойынша салық міндеттемелерін орындауы.
Ыңғайлы. Жылдам. Кезексіз.
Біздің қызметкерлер барлық мәселелер бойынша түсіндіруге дайын!
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1055315?lang=kk
Жауап қалдыру