Қарағанды жаңа оқу жылына дайындалуда: оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды жаңа оқу жылына дайындалуда: оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда. Қарағанды қаласында жаңа оқу жылына дайындық аясында оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта әкімшілік полиция, жергілікті атқарушы органдар және білім бөлімі бірлескен тексеріс жүргізді. Тексеру барысында мектептердің маңындағы жол инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкестендіру үшін жойылуы тиіс бірқатар кемшіліктер анықталды. Барлық ескертулер тіркеліп, тиісті мекемелерге жедел түрде жіберілді. Сонымен қатар, оқушыларды тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайына ерекше назар аударылды. Балалардың жол қауіпсіздігін арттырудағы маңызды шаралардың бірі – бұған дейін реттелмеген жаяу жүргінші өткелдерін бағдаршамдармен жабдықтау болды. Аталған жұмыстар №3 гимназия, №21, №78, №103 және өзге де мектептердің маңында жүзеге асырылды. Бұл бастама қала әкімі қолдауымен іске асырылып, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Қарағанды қаласы полиция басқармасы барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе мектептер мен балабақшалардың маңында барынша мұқият болу қажеттігін назарға салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1055138?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді