ҚАЗЫБЕК МЫҢЖАННЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ЕСКЕ АЛУ КЕШІ МЕН ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақын, композитор, ұстаз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қазыбек Мыңжанның 75 жылдық мерейтойына орай еске алу кеші және жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.
Тағылымға толы шара аудан орталығындағы С.Қожанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде бастау алды. Кешті аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, өмірін өнер мен жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған тұлғаның шығармашылығы мен өнегелі жолы туралы кеңінен баяндады.
Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, сазгердің әндері орындалып, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады. Мәдениет саласының өкілдері мен келген қонақтар Қазыбек Мыңжанның өнеріне деген құрметін білдірді.
Шара «Мыңжылқы» мәдениет үйінде «Жасын жырмен, әсем әнмен өрнектелген өмір» атты жас ақындар мүшәйрасымен жалғасты. Сонымен қатар, заманауи үлгіде қайта көркемделген балаларға арналған «Сыбаға» кітабының тұсауы кесіліп, көрерменге жол тартты.
Жас ақындар мүшәйрасында жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
• Бас жүлде – Бабайхан Дастан (Сызған ауылы)
• І орын – Мұхтарұлы Ерасыл (Созақ ауылы)
• ІІ орын – Құлжабай Аяулы (Қызылкөл ауылы)
• ІІІ орын – Жұмашова Таңат (Таукент кенті)
• Арнайы жүлде – «Жеңіс Қарғабай» атындағы – Төлебек Жанерке (Аққолтық ауылы)
 
 
 
 
 
 

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1055577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді