
Бүгін Құрмансай ауылдық округінің әкімі Елдос Газизов ауыл тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Жиынға ауыл мектебінің ұжымы, учаскелік полиция инспекторы және тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында ауыл өміріне тікелей әсер ететін маңызды мәселелер көтеріліп, олар бойынша нақты шешу жолдары ұсынылды.
🔹 1. Тұрмыстық газ баллондарын толтыру мәселесі
Тұрмыстық газ баллондарын толтыруға байланысты шешілмеген сұрақтар көп. Бұл мәселе бойынша аудан әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.
🔹 2. Мектептегі оқушылар санын арттыру
Ауыл мектебінде оқушы саны азайып барады. Бұл – үлкен алаңдаушылық тудыратын мәселе. Бүгінде 11 оқушының ата-анасымен келіссөздер жүргізіліп, келісімдерін беріп отыр. Екі отбасы жақын арада ауылға көшіп келуді жоспарлап отыр. Әкімдік тарапынан тұрғын үй ұсынылады. Тағы үш ауыл тұрғыны өз баспаналарын уақытша пайдалануға беруге келісім берген. Сонымен қатар ауыл шаруашылық иелері мен кәсіпкерлері жаңа көшіп келетін отбасыларға азық-түлік, мектепке киім-кешек пен оқу құралдары жағынан көмек көрсетпек.
🔹 3. Құқық бұзушылықтың алдын алу
Учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Утаралин ауыл тұрғындарына интернет алаяқтық, отбасылық зорлық-зомбылық, мал ұрлығы және балалар қауіпсіздігі тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жаз мезгілінде ата-аналардың балаларына жауапкершілігі ерекше екені ескертілді.
🔹 4. Жергілікті қауымдастық мүшелері құрамына өзгеріс енгізу
Ауылда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мақсатында қауымдастық мүшелерінің құрамын жаңарту мәселесі талқыланды. Бұл – тұрғындардың белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-kurmansay/press/news/details/1055434?lang=kk
Жауап қалдыру