
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) шағын және орта бизнесті дамыту бастамасы аясында «Орта бизнес кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру» бағдарламасына қатысушыларды іріктеуді жариялайды.
Бағдарламаның мақсаты – жоғары инвестициялық әлеуеті бар қазақстандық кәсіпорындардың жедел өсуіне және болашақ салалық көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал ету.
Бағдарлама аясында қатысушыларға келесі құралдар кешені ұсынылады:
- Бизнес-процестер мен нарықтық позициялау бойынша терең диагностика;
- Стратегиялық даму бойынша консультациялық қолдау;
- Бизнесті масштабтау үшін инвестиция тартуға жәрдемдесу.
Қатысуға өнеркәсіп саласындағы жеке меншік қазақстандық кәсіпорындар шақырылады.
Бағдарламаның кіріспе кезеңі ретінде Foresight Camp (Форсайт-кемп) өткізіледі – стратегиялық болжау бойынша қарқынды оқыту модулі, онда Қазақстандағы іскерлік ортаның келешегі мен жаһандық трендтерге шолу жасалады.
📅 Өткізу мерзімі: 2025 жыл 13–16 қыркүйек
📍 Өтетін орны: Rixos Borovoe
Бір кәсіпорыннан ұсынылатын қатысушылар саны – 2–3 адам.
Foresight Camp-қа тіркелу:
http://foresight-camp.kz.tilda.ws/
Практикалық сессиялардың нәтижесінде іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін және ең перспективалы бизнес-модельдерді ұсынған ТОП-20 компанияға кәсіпорынды жеке диагностикалауға және инвестиция тарту мен басқару бойынша құзыреттерді дамыту бағдарламасына қатысуға шақыру жіберіледі.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 26 тамызда Zoom платформасында бағдарлама бойынша онлайн-презентация өтеді. Онда сіз бағдарламаның мақсаты, міндеттері мен кезеңдері туралы толық ақпарат алып, сұрақтарыңызды қоя аласыз.
Конференцияға қатысу үшін төмендегі мәліметтерді
knowhowkazakhstan@ebrd.com электронды поштасына жіберу қажет:
- Компания атауы, БСН
- Байланыс тұлғасы (Аты-жөні), электрондық пошта мекенжайы және телефон нөмірі
Ұйымдастыру мәселелері бойынша байланыс:
📧 shpulint@ebrd.com
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kasipkerlik/press/news/details/1055187?lang=kk
Жауап қалдыру