Құрметті жітіқаралықтар!
Қала күнімен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл сан қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет әрі көркем мерекесі. Жітіқара – мол тарихқа, даңқты салт-дәстүрлерге, болашақ үміттерге бай қала.
Жітіқара – бұл ең бастысы қаланың бой көтеруіне, іргетасын салуына еселі үлес қосқан азаматтары. Кәсіпорындар мен ұйымдардың арқасында бүгінде қаламыз өркендеп, ілгері басып келеді. Олардың қосқан үлесі – жаңа жұмыс орындар, абаттандырылған көшелер мен әлеуметтік жобалар.
Түрлі салалар қызметкерлері, мектеп және колледж оқушылары, шығармашылық ұжымдар, спортшылар, жастар ел ішінде және елімізден тыс жерде қала мәртебесін асқақтатып жүреді.
Биылғы Қала күні өзіндік біртума нақыштарымен толы – еліміздің өркендеу, бейбіт пен келісімнің берік іргетасы болып табылатын Ата Заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығы, халқымыздың қан майданда қайсар қайратымен көрсеткен қаһармандығы – Ұлы Жеңістің 80-жылдығы, Қазақстандағы бірлік пен келісім сақтаудың бірегей институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығы.
Жітіқара қаламыз біртұтас өркендеу ырғағында өсіп, дами берсін, тұрғындардың барлығында қамқорлық, жылулық пен дамуға арналған мүмкіндіктер болуына тілектеспін!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық береке, әрбір игі істерде молшылық пен табыс тілеймін!
Жітіқара
ауданының әкімі А.Жаныспаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1055472?lang=kk
Жауап қалдыру