
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен рекрутингтік жұмысты өткізу шеңберінде қызметке үміткерлерді тарту бойынша іс-шаралар өткізілді.
Павлодар қаласының әкімдігімен қол жеткізілген келісімнің аясында өңірдің әлеуметтік желілерінде рекрутингтік бейнероликтер жарияланды, адам көп келетін қоғамдық орындарда, соның ішінде Павлодар қаласының «Ertis Promenade» басты сахнасында орналасқан LED-экрандарында имидждік рекрутингтік бейнероликтердің көрсетілімі жүргізілуде.
Департамент қызметкерлері облыстық бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Қызметкерлер «ҚР ҚМА жас мамандар пулына» ізденушілер үшін іріктеу мерзімін хабарлады және оқуға түсу шарттары мен тетіктерін, кадр қызметкерлерінің байланыс деректерін көрсете отырып, жадынамалар таратты.
Өңірдегі ЖОО-лардың бейіндік мамандығының түлектерімен және студенттерімен қызметке орналасу үшін тетіктер мен жағдайларды түсіндіру бойынша көшпелі кездесулер өткізілді.
Департаментпен аймақтың жоғары оқу орындарының түлектерінің тізімдері алынып, олармен тұрақты негізде Департамент басшылығы жеке қабылдау жүргізеді.
Қаржы мониторингі органдарына қызметке орналасу тетігі туралы толық ақпарат алу үшін Сіз 8(7182) 613307 нөміріне хабарласа аласыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1055545?lang=kk
Жауап қалдыру