
2025 жылғы 21 тамызда Т. Рысқұлов ауданындаТараз қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларының қызметін талдау мен бағалау мақсатында ведомствоаралық жұмысшы тобының жиналысы өтті. Жиналыста Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, ведомствоаралық жұмысшы тобының жетекшісі Байболат Ерлан Бейсенұлы, аудан әкімінің м.а.,құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ ауданның бөлім басшылары және ауылдық округтер әкімдері қатысты.
Жиналыстың басты тақырыптарының бірі 2025 жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыру қорытындылары мен күзгі шақыруды ұйымдастыруға дайындық болды. Әскерге шақырылушыларды алдын ала зерттеу бойынша басқарма басшысы зерттеу жұмысының сапалы әрі талапқа сай жүргізілуі жөнінде нақты тапсырма берді. 2025 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы бойынша Т.Рысқұлов ауданы белгіленген жасақты толық орындап, 122 шақырылушыны әскер қатарына жібере отырып, жоспарды толықтай орындады.
Жиналыс қорытындысы бойынша, басқарма басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы 21 ақпандағы №19-ө өкімімен бекітілген жол картасы аясында жергілікті қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды. Аталған жұмыстың аудан әкімінің жеке бақылауында болуы тиіс екендігі жөнінде нақты тапсырма берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1055478?lang=kk
Жауап қалдыру