«Таза Қазақстан»: «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің ұжымы игі істі жалғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасын тауып жатыр. Игі істің эстафетасын «АЛЖИР» мемориалды музей кешені ұжымы алды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәулеткерей Кәпұлы бастаған музей ұжымы «АЛЖИР» тұтқындары жерленген жерді қоқыстан тазартып, шөбін шауып, мұсылман және христиан әйелдеріне арналған ескерткіш белгілерді жуып тазартты.

Іс-шара барысында «АЛЖИР» тұтқындарының рухын құрметпен еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар аруақтардың рухына дұға оқылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында музейге және оның маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өйткені табиғатымыз, өзіміздің өмір сүріп жүрген ортамыздың тазалығы өзімізге байланысты.

Сондай-ақ барша қазақстандықтарды елімізді, жерімізді, Астанамызды таза ұстауға шақырамын», – деді Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің басшысы Дәулеткерей Кәпұлы.

Экоакцияға барлығы 15 қызметкер атсалысты.

#ТазаҚазақстан  #экология  #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1055386?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді