ТҮРКІСТАН: ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
☑️Түркістанда экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Кеңеске ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті, облыстық прокуратура мен полиция департаменті өкілдері, облыстық дін істері және білім басқармалары, аудан-қала әкімдіктері қатысты. Маңызды жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
☑️Күн тәртібінде «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу» жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар мен балаларды оңалту шаралары баяндалды. Сондай-ақ, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау, діни радикалдық көзқарастардың алдын алу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының және дін саласы мамандарының өзара іс-қимылын жетілдірудің маңыздылығы айтылды.
☑️Зұлпыхар Жолдасов экстремизм мен терроризмнің алдын алуда жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының және қоғамның белсенділігінің аса маңызды екенін атап өтті.
☑️Семинар соңында өңірде атқарылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылды. Аудандық білім бөлімдері мен теологтар арасындағы өзара байланысты нығайту, нақты нәтижеге бағытталған оңалту жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1055596?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді