ТҮРКІСТАНДА ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ – ЖАҢА МІНДЕТТЕР КЕЗЕҢІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістанда «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында дәстүрлі облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Маңызды жиынға келген облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңірдегі түрлі сала басшылары алдымен инновациялық жобалардың көрмесін аралады.
Көрмеде түрлі ғылыми оқулық, мектептерге арналған интеграцияланған цифрлық экожүйе, Қазақстандағы оқушыға арналған алғашқы ЖИ репетитор, кәсіби бағдар беру және психологиялық қолдау көрсететін стартап және басқа да инновациялық жобалар таныстырылды. Сондай-ақ жұмысшы мамандарды даярлайтын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары мен білім беру ұйымдарының жобалары ұсынылды.
Тамыз кеңесіне ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова, «НЗМ» Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Толқын Айдосова, облыс прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының «KAP Logistics» компаниясының директоры Айдос Туралиев қатысты. Пленарлық отырысқа 1000-ға жуық ұстаз тікелей қатысып, 20 мыңнан астам педагог онлайн форматта тамашалады. Жиынды Түркістан облысы білім басқармасы басшысының м.а. Ғалымжан Орынов жүргізді.
Түркістан облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 29 жаңа жайлы мектептің құрылысы аяқталуда. Өткен жылы 13 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 16 мектеп ашылады. Бұл – үш ауысымдық және апатты мектептер мәселесін шешуге нақты қадам. Сондай-ақ ауыл мен қала балаларына жайлы мектептерде білім алуына тең мүмкіндік жасалады. Мемлекет басшысының «Мектептерді жаңғырту» (реновация) тапсырмасына орай, үш жылда 115 мектеп жаңартудан өтетін болады. Биыл облыста 100 мектеп жөндеуден өтуде.
2024 жылдан бастап енген ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы ашық пен қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Бұл жүйе барлық балабақшаларда іске қосылып, қаржының тиімді әрі ашық жұмсалуына мүмкіндік беріп отыр. Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Мектептерде бейнебақылау, турникет, дабыл түймелері, күзет жүйесі толық орнатылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1055006?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді