
Полиция қызметкерлері жүргізген әлеуметтік желілерді мониторингтеу нәтижесінде үйлену той кортежінде қозғалған бірнеше автокөліктің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Кейбір автокөліктерге заңсыз түрде арнайы жарық құрылғылары – жарқылдақ маяктарға еліктейтін стробоскоптар орнатылғаны белгілі болды.
Патрульдік полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында аталған барлық автокөліктерді анықтап, жүргізушілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Заң талаптарын елемеу жүргізушілердің өз өміріне ғана емес, айналадағы адамдардың да қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1055628?lang=kk
Жауап қалдыру