Ерсайын Нағаспаев «Мемсараптама» РМК-мен құрылыс саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Мемсараптама» РМК-да құрылыс секторын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Министрліктің ведомстволық бағынышты ұйымдары — «Мемсараптама» РМК, «Мемқалакадастр» РМК және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ есеп берді. Жұмыстың негізгі нәтижелері, ағымдағы цифрлық қызметтер және оларды одан әрі дамыту жоспарлары таныстырылды.

Отырыста құрылыстың толық циклін цифрландыруды қамтамасыз ететін салалық ақпараттық жүйелер қарастырылды: қала құрылысы кадастры ГГК ААЖ, ГБИМ жобалау-сараптамалық порталы (ақпараттық үлгілердің мемлекеттік банкі), сондай-ақ «Е-Құрылыс» мониторинг және бақылау жүйесі. Саладағы барлық цифрлық шешімдердің интеграциясы мен үздіксіз әрекеттесуін қамтамасыз ететін Бірыңғай құрылыс порталының тұжырымдамасы бөлек ұсынылды.

Министрге бастапқы рұқсат беру құжаттарын беру, жасанды интеллект арқылы құрылысты бақылау, сараптамадан өту, атқарушылық құжаттаманы дайындау және сметалық есептерді автоматтандырылған тексеру қызметтері көрсетілді.

Ерсайын Нағаспаев цифрландыру құрылыс саласының тиімділігі мен ашықтығын, әсіресе құрылыс көлемін ұлғайту және сапаға қойылатын талаптарды арттыру жағдайында басты құрал екенін баса айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның құрылыс саласында, оның ішінде жасанды интеллекті пайдалана отырып, озық технологияларды енгізу және цифрлық қызметтерді дамыту бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1055804?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді